Тауда жоғалған 7 жасар баланың денесі табылды
Алматы облысында тауда жоғалған 7 жасар Ернұр Садуақастың денесі табылды.
20:51 27.07.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, баланың денесі бүгін 17:40-та Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған.
Бала 14 шілде күні жоғалған.
Оны іздестіруге ТЖД, əкімдік өкілдері,полиция, сарбаздар жұмылдырылған еді.
Іздеу тобы маңайды тікұшақпен сүзіп, Қырғызстан шекарасына дейін тінтіп шыққан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!