{metadescription}
Нөсер жауынның салдарынан 58 адам құрбан болды

Нөсер жауынның салдарынан 58 адам құрбан болды

Соңғы үш тәулікте толассыз жауған нөсер жауынның салдарынан Үндістанның Уттар-Прадеш штатында құрбан болғандар саны 58-ге жетті.

Тағы 53 адам жарақат алған.

Осыған дейін кемінде 49 адамның мерт болғандығын Риа Новости агенттігі хабарлаған болатын.

Мерт болғандар туралы мәліметтер Сахаранпур, Агра, Меерут, Манипури, Касгандж бен өзге де аудандарының елді мекендерінен келіп түсіп жатыр. Көп жағдайда адамдар тұрғын үйлердің шатырларының, ағаштар мен электр бағандарының құлауы мен найзағайдың түсуі салдарынан құрбан болған.

Уттар-Прадештің Бас министрі Йоги Адитьянатх осыған дейін жергілікті атқарушы органдарға құтқару операциясын бастап, табиғат апатының салдарынан баспаналарынан ажыраған азаматтарға көмек көрсетуді тапсырған.

Дереккөз: ҚзаАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.