{metadescription}
Дертке шалдыққан баланың терісі қатып қалған

Дертке шалдыққан баланың терісі қатып қалған

Колорадо штатында 12 жастағы жасөспірімнің терісі сирек кездесетін дерт себебінен тас сияқты қатып қалған.

Бес жыл бұрын баланың әкесі оның оң жақ белінен қатты сүйекшені байқаған. Ол бірнеше аптаның ішінде баланың бүкіл денесіне жайыла бастаған. Нәтижесінде кальций тұзының жиналып қалуы себепті баланың буындары қозғалудан қалған.

Фасциальды дистрофия деп аталатын бұл дерт 1970 жылдардың соңында белгілі болған. Содан бері оған 41 адам шалдыққан. Ол денеге тез жайылып, теріні қалыңдатады. Салдарынан адам қозғалудан қалады.

Дәрігерлер химитерапияның көмегімен ауруды баяулатуға күш салуда. Жасөспірім ауырғанды басатын препараттар қабылдайды. Соның көмегімен күніне 18 сағатқа дейін ұйықтайды. Бүгінгі таңда бала мектепке бармайды.

Оны асырап алған ата-анасы емдету үшін қарттыққа деп жиған 500 мың доллар ақшалары  тауылған. Енді ерлі-зайыптылар әрі қарай емдету үшін тағы 1,5 миллион доллар қаражат қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.