ШҚО-да 2 ай бұрын жоғалып кеткен қыз өлі табылды
18 жастағы Раушан Жармұхаметова 19 мамыр күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
14:12 29.07.2018
Ол 19 мамыр күні шамамен сағат 15:00 кезінде үйінен шығып кетіп, қайта оралмады. Сол күні бойжеткен Красин кентінен Өзен вокзалының ауданына қарай бет алған екен.
Раушанды туыстары мен еріктілер және полиция 2 айдан астам уақыт іздеді. Енді оның мәйіті қала сыртында Ертіс өзенінен табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Марқұмның ағасы Самат Жармұхаметов бұл ақпаратты растап отыр.
Анықталғандай, қыздың денесі 27 шілде күні Ертіс өзенінен табылған. Ол биыл мектепті бітіріп, ҰБТ-ға дайындалып жатқан уақытта жоғалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!