Жер сілкінісінен он адам мерт болды
Индонезияның Ломбок аралында болған күшті жерсілкінісінен мерт болған адамдар саны онға дейін өсті.
15:54 29.07.2018
Адамдардың өліміне нақты не себепші болғаны анықталмаған. Агенттік кем дегенде тағы 20 адамның зардап шеккенін хабарлады.
6,4 магнитудасындағы жер сілкінісі жексенбі күні сағат 6.47-де Индонезияның Ломбок аралында болған.
Бұл жер Ринджани вулканына жақын әрі туристер арасында кеңінен танымал Бали аралы да осы маңда. Ошақтың тереңдігі – 7,5 шақырым.
Индонезияның геофизика және метеорология агенттігінің дерегінше, жер сілкінісінен кейін кем дегенде 11 афтершок болған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!