Жер сілкінісінен 12 адам мерт болды
Индонезияда жер сілкінісінен 12 адам мерт болды. Ломбок аралында зардап шеккендер 40-қа жетіпті. Аралдың солтүстігінде жарық жоқ. Билік аралдағы әсем орындардың бірі саналатын Ринджани жанартауына туристердің баруын шұғыл тоқтатты. Бұдан бұрын Матарам (319 мың тұрғын) қаласының төңірегінде күші 6,4 балл жер сілкінісі болған еді. Зілзаланың ошағы 7,5 шақырым тереңдікте орналасқан. Kyodo агенттігінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккен ауданда магнитудасы 5,7-ге дейін 11 жерасты дүмпуі тіркелген.
10:00 30.07.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!