{metadescription}
Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен қыз «Оңай» картасы арқылы табылды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Тележүргізуші, журналист Сәуле Әбединова Instagram желісіндегі парақшасына осылай жазды. 

Айтуынша, Алматы облысы Іле ауданы Жаңадәуір аулының 1989 жылғы тұрғыны Ақмарал Ноғайбаева Алматы-1 базарынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Абырой болғанда, ол 5-6 күннен кейін табылыпты,

«Әрине, табылғанына қуандық. …»Жаман айтпай, жақсы жоқ», бұл ақпараттың да болашақта біреу болмаса біреуге пайдасы тиіп қалар…

Ақмарал бірнеше күн қалада азып-тозып жүре берген. Анасының айтуына қарағанда, бет-аузы, үсті кір-кір болған. Полиция әдеттегідей, түк бітірмеген…

Анасы Сәулеш «Оңайға» барып өтініш айтқан. Қысқасы, Ақмарал «Оңай» арқылы табылды. Соңғы рет қай жерде қай бағыттағы автобусқа отырғанын «Оңай» компаниясы бір-ақ сәтте анықтаған», – деп жазды журналист.

Сәуле Әбілдаханқызының сөзінше, қыздың анасы полицейлерден «Оңай» картасы арқылы іздеуін сұраған.

«Анасы полицейге жазған өтінішінде “Оңай” картасы туралы, сол арқылы да іздеуге өтінішін айтып жазған екен. Полицейлер ол өтінішті не толық оқымаған, не шындап іздеуге құлқы болмаған…

«Оңайдың» бір пайдасы осы екен. Жалпы, қаперде ұстайтын нәрсе екен…», – дейді Сәуле Әбединова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде