Төреғали Төреәлі алғаш рет қызының суретін жариялады
Төреғали Төреәлі алғаш рет қызының суретін жариялады.
11:20 30.07.2018
Жеке өмірін біразға дейін елден жасырған Төреғали Төреәлі былтыр күзде дүркіретіп той жасап, жары Толқынды елге таныстырған болатын. Алайда Төреш пен Толқынның тойына олардың қос қызы қатысқан жоқ, деп жазады Stan.kz.
Ұлы дала баласы журналистерге берген сұхюатында қыздарын ешкімге көрсеткісі келмейтінін жасырмады.
“Мінездері қырсықтау, өзіме тартқан. Әрі әлі кішкентай. Қызғалдақтарымды қышғыштай қоримын”, – деген еді Төреғали.
Сол сұхбатынан кейін Төреғали тағы да бір мәрте қызды болды. Сонымен бүгінде Төреғали мен Толқынның Томирис, Тоғжан, және Фатима есімді үш қызы бар.
Күні кеше Төреғали алғаш рет қызының суретін жариялады.
“Қызым әкесін жақсы көреді. Көлігін жақсы көреді, кепкасын жақсы көреді. Әкесі сіздерді жақсы көреді”, – деп жазды Төреғали.
Алайда өнер иесі суреттегі қыздың қай перзенті екенін атамады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!