{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Фермер екі үй құсын жұтып қойған питоннан тауықтарын қайта шығарып алды

Фермер екі үй құсын қылғытып жұтып қойған питоннан тауықтарын ішін жармай қайта шығарып алды.

Фермердің тұрып жатқан үйінің ауласына сырғып келген ірі питон бұл үйге тиесілі екі үй құсын жеп қойды.

Бірақ питон азығын қорытып үлгере алмай қалды. Екі үй құсы оған азық болмады. Өйткені фермердің шу ете қалған бала-шағасы отағасын шақырды. Отағасы көп ойланбай-ақ, питонды сыққылап, ішіндегі құстарды "құстырып алды". Яғни жыланды сыққылап, аузынан екі тауығын алып шықты.  

Итондар Шығыс Жарты шардың тропиктік және субтропиктік аймақтарын мекендейтін 6 туысы, 27 түрі бар. Денесінің ұзындығы 1,5 м-ден (патша питон) 10 м-ге дейін (торлы питон, салмағы 100 кг) жетеді. Түсі бірыңғай қоңырдан қара шұбар түске дейін өзгеріп отырады. Негізінен тасты, қамысты және қант құрағы өскен жерлерді мекендейді. Суда жақсы жүзеді және сүңгиді, кейде биік ағаш басына өрмелеп шығады. Жоғарағы ерін қалқанында жылы қанды жануарлардың жақындап келе жатқанын сезетін 2 – 5 жылу сезгіш кішкене шұңқырлары болады. Торлы жылан негізінен сүтқоректілермен, бауырымен жорғалаушылармен және құстармен қоректенеді. Ірі питондар шиебөрі, жайра, қабан мен леопардтың балаларын тұтастай жұтады. Кейде адамға да шабуы мүмкін. Торы жылан жұмыртқа салып (ұзындығы 9 см, 107 жұмыртқа) көбейеді. Оларды біраз уақытқа дейін аналығы басады, себебі аналығының дене температурасы қоршаған орта температурасынан 12 – 15 С-қа жоғары болады, бұл жағдай жұмыртқадан ересек дарабастың тезірек жетілуіне жағдай жасайды және жыртқыштардан қорғайды. Табиғи жағдайда питондар 25 жылдай өмір сүреді. Кейбір елдерде Торлы жаланның еті мен майын тағамға, терісін түрлі әшекей мүліктерін жасауға пайдаланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде