{metadescription}
Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті

Африкада ресейлік үш журналисті өлтіріп кетті

РФ СІМ Орталық Африка Республикасында журналистік құжаттары бар үш Ресей азаматының қаза тапқанын растады.

31 шілдеде Орталық Африка Республикасында үш журналистің қаза тапқаны белгілі болды. Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік журналист Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко мен режиссер Александр Расторгуевты өлтірген.

«Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км - Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», - деп хабарлады РФ СІМ.

БАҚ мәліметінше, ресейліктердің денесі Сибут қаласынан 23 шақырым жерден табылған. Айтуларынша, оларды қаруланған адамдар өлтіріп кеткен. Ресейдің Тергеу комитетінің өкілдері осы дерек бойынша іс қозғады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде