Енді WhatsApp-та топтық аудио және видео қоңырау шалуға болады
Whatsapp мессенджерінде жаңа функция пайда болды.
11:45 01.08.2018
WhatsApp мессенджерінде топтық аудио және видео қоңырау шалуға болады. Топтық қоңырауды ең көп дегенде төрт адамға шала аласың.
Бірінші абонент екінші абонентке қосылған соң, «қатысушыны қосу» түймешігі арқылы смартфон экранының оң жақ жоғарғы бұрышында үшінші және төртінші абонентпен қатар тілдесе алады. Видеоконференцияның қатысушыларын бірінші абонент таңдап қоса алады, ол мүмкіндік сонымен қатар басқаларында да бар.
Сонымен қатар, мессенджер қолданушылары қоңырауға бір күнде 2 млрд минут уақытын жұмсайды екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!