{metadescription}
Шымкетте 2 күн бойы пойыз күткен жолаушылар жолға шықты

Шымкетте 2 күн бойы пойыз күткен жолаушылар жолға шықты

Жамбыл облысында пойыз жолда болған апат салдарынан кеше Шымкенттегі темір жол вокзалында жолға шыққандар пойызды екі күн бойы күтулеріне тура келген болатын.

Бүгін түстен кейін ғана мәселе шешімін тапты.

Астана уақытымен сағат 14:20-да келген «Шымкент-Астана» бағытындағы пойыз, 10 минут аялдап, азаматтарды алып кетіпті. Жолаушылардың айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК Шымкент филиалының әкімшілігі тек шудан кейін ғана бас көтеріп, таңғы және түскі аспен қамтамасыз еткен.

Кеше, жолаушыларды әбігерге салған болатын. Вокзал әкімшілігі қызметкерлерінің немқұрайдылығынан еңкейген қарт пен еңбектеген балаға дейін перронда қонуға мәжбүр болғанын айтқан болатынбыз.

Еске салайық Жамбыл облысындағы пойыздың рельстен шығуына байланысты кешкі сағат 18:00-де жолға шығуы тиіс «Астана-Шымкент» пойызы кешігіп, Шымкент-Астана бағытындағы пойызды жолаушылар түнімен күткен. «Шымкент» бекеті қызметкерлерінен нақты жауап ала алмаған олар үйге қайтпай, вокзалда түнеуге мәжбүр болыпты.

Дереккөз: otyrar.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.