{metadescription}
Астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Қошқарбаев көшесіндегі "Сенатор" тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды.

Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр. 

"Сенатор" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.

"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді сұхбат беруші.

Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.  

Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері Sputnik-ке аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде