Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлап қалды
Жергілікті туризм басқармасы қорғанның бүлінген жерін жөндеу үшін шұғыл шаралар қолданып жатыр.
17:00 01.08.2018
Ұлы Қытай қорғанының жақында қалпына келтірілген бөлігі бірнеше күн бойы толассыз жауған жаауын салдарынан құлап қалды.
Яньмэнь асуы Мин династиясы (1368-1644) кезінде салынған, ол Яньмэнь тауынан солтүстікке қарай 20 шақырымдық жерде орналасқан.
Таяуда Ұлы Қытай қорғанының тағы бір бөлігі құлады.
Маусым айында Шаньси провинциясындағы Датундегі қорғанның дұрыс қалыпқа келтірілмегені хабарланған. Ол кезде ескі кірпішке ұқсас заманауи құрылыс материалдары қолданған.
Айта кетейік, Ұлы Қытай қорғаны 21,2 мың шақырымға созылады және ол 15 правинциялы ауданды басып өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!