Шымкентте жасөспірім велосипедтен ажал құшты
Шымкент қаласында 13 жасар бала велосипед тебемін деп мерт болды.
08:12 03.08.2018
Оқиға Тассай шағынауданындағы Жібек жолы көшесінде, сағат шамамен 13:00-де орын алған. Куәгерлердің айтуы бойынша 13 жасар жасөспірім велосипед теуіп жүріп жолдан өтпек болған.
Алайда дәл сол кезде жүк көлігі жасөспірімді қағып кеткен.
Жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сұмдық жағдай болған жерге полицейлер келіп оқиға орнын коршауға алды. Енді тергеушілер кінәлі жүргізушінің ісін жүргізетін болады.
Дереккөз: otyrar.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!