Тұман салдарынан болған жол апатында 5 адам қаза тапты
Бурятияда қалың тұман түсуінің салдарынан жол апаты болып, бес адам қайтыс болды. Mitsubishi Canter жүк көлігі жеңіл Toyota Vista машинасымен соқтығысқан. Жол апаты Селенга ауданында, Улан-Удэ-Кяхта автожолының 71-километрінде, Гусиноозерск қаласынан 15 шақырымдай жерде орын алған. Анықталғандай, жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі қалың тұман салдарынан қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автомобильді соғады. Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктегі төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты. Апатқа байланысты тексерістер жүріп жатыр.
11:55 03.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!