{metadescription}
Өскеменде дәмхана отқа оранып, 160 адам құтқарылды

Өскеменде дәмхана отқа оранып, 160 адам құтқарылды

Өрт Қазақстан көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан дәмханада шықты. ТЖД ақпараты бойынша, жалын асханада тұтанған. Өрттің салдарынан түтін тұрғын үйдің ішіне толық таралыпты. Сол себепті тұрғындардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Барлығы 160 адам эвакуацияланды. Ал дәмхананың 29 жастағы жалдаушысының денесін 15 пайызға күйік шалып үлгерген. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазір өрттің себеп-салдары анықталуда. Дереккөз: altaynews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.