{metadescription}
Қазақстандық қыз тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық қыз тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанды

Тоғызқұмалақтан Моңғолияда өткен Азия чемпионатында Қарағанды облысының тумасы бірінші орынды жеңіп алды.

Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Қожабековтің айтуынша, өңірде тоғызқұмалақ жан-жақты дамып келеді.

«Моңғолиядағы жарысқа 8 елден 250-ден астам спортшы  қатысты. Облыс намысын Аңсаған Қожанасып қорғады. Біздің облыста спорттың осы түрінен республикалық жарыстардың жеңімпаздары бар, енді олардың қатарына Азия чемпионы да қосылды», - дейді ол.

Аңсаған қазір 17 жаста, тоғызқұмалақпен айналысып жатқанына 8 жылдан асты.

«Мен спорттың басқа түрімен айналысқан емеспін, маған тоғызқұмалақ ұнайды, ол логиканы дамытады», - дейді Аңсаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.