{metadescription}
Миының жарты бөлігі жоқ бала өмір сүруде

Миының жарты бөлігі жоқ бала өмір сүруде

Жеті жасар бала аса ауыр дерт салдарынан миының жарты бөлігін алдырып тастауға мәжбүр болды.

Көру қабілетіне жауап беретін бөлігін алып тастаған.

Дәрігерлер де оның тірі қаларына да күмәнданған болатын.

Миының жартысы жоқтығына қарамастан бала организмі ол бөліктің атқаратын қызметін өздігінен толықтырған. Мамандардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін жағдай.

Тек бір кем тұсы бар. Балақай жан-жағындағы көріністерді көре алмайды. Ол тек қана көз алдындағыны ғана көруге қауқарлы болады. Бірақ, айналасын көргісі келсе, әрине басын бұрып қарауға мүмкіндік бар екен.

Мамандар үш жыл бойы баланың интеллектуалды даму деңгейін, тілдік қабылдау дағдыларын бақылаған. Күрделі ота оның дамуына ешқандай өзгеріс әкелмеген. Бүлдіршіннің ойлай қабілеті өз құрдастарына сай жетілген.

Бұл өте сирек жасалатын ота. Оның көмегімен эпилепсияның ауыр жағдайлары бар науқастардың шамамен 10 пайызы емделеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде