ФОТО: Бір жылда 50 келі салмақ тастаған ару жұртты таңғалдырды
Малайзия тұрғыны Джоанна Джозефтің бес жыл бұрын салмағы 100 келіден асқан.
18:00 03.08.2018
Ал қазір оған қызыға да, қызғана да қарайтындар көп.
Джоанна кішкентайынан семіздіке тәуелді болған. Жеті жасында салмағы 60 келі болған екен. 13 жасында 100 келі болған Джоаннаны достары ғана емес, ұстаздары мен туыстары салмағын келеке еткен.
Қоғам пікірінен шаршаған Джоанна Джозеф өзіне арықтауға серт береді.
Жаттығу залына баруға ұялған ол тек тамақтану кестесін дұрыстайды. Тек қана жеміс-жидек пен көкөніс жеп, кешкі уақытта жүгірумен айналысқан.
Джоанна бір жылдан соң адам танымастай сымбатты мүсінімен барлығын өзіне қаратқан.
Бүгінде 100 келіден 52 келілік аруға айналған Джоанна көп бойжеткенге үлгі болып отыр.
Ол бірден модельдік жолға түсіп, Селангор штатындағы сұлулық байқауында жеңіске жеткен. Осылайша ол бірден танымалдылыққа ие болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!