Ми-8 тікұшағы құлап, 18 адам қаза тапты
Ресейдің Красноярскі аумағындағы Ванкор кен орнында МИ-8 тікұшағы құлап, 18 адам қаза тапты.
12:00 04.08.2018
Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 10:20-да (Мәскеу уақытымен 6:20) Игарка елді мекенінен екі шақырым жерде болған.
«Тікұшақта барлығы 18 адам болған, оның үшеуі экипаж мүшелері. Барлығы да көз жұмды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, тікұшақта «Анкор» компаниясының қызметкерлері болған.
Ми-8 тікұшағы ұшып кеткеннен кейін екі километр ұшқан соң құлаған. Ол қиратылып, өртеніп кеткен. Сонымен қатар, тікұшақ адамдар жүрмейтін жерге барып құлаған екен.
Апаттың салдары, алдын-ала тексеру нәтижелері бойынша, техникалық қателік немесе пилоттың қателігінен болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!