Таудағы ең алып мұздықтың бір бөлігі опырылып кетті
Грузияда Сванетий тауындағы Лехзири мұздығының бір бөлігі опырылып кетті.
10:30 05.08.2018
Мамандар бұған жаздың ыстық күнінде қардың тез еруі себепші болды.
Грузияның солтүстік-батысында Үлкен Кавказ шыңында орналасқан Лехзири мұздығының ауданы шамамен - 36 шаршы шақырымдай, ұзындығы - 15,9 шақырым. Мұздықтың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен екі мың метр биікте орналасқан. Мұздыққа жақын аумақта елді-мекен жоқ. Алайда осы кезде оған альпинистер барады.
Мамандар мұздықтың опырылған тұсын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды елдің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық агенттігі. Бастапқы мәлімет бойынша мұздықтың көшуінен ешкім зардап шекпеген. Ал мұздыққа баратын жол осы аумақтағы жағдайдың ары қарай қалай өзгеретіні анықталмайынша жабық болады.
«Болжам бойынша біз гляциологиялық үдеріске куә болып отырмыз (жылдың ыстық кезінде мұздықтың жедел еруі), бұл табиғатта жиі кездесетін құбылыс», - деп мәлім етті агентіктегілер.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!