Кен орнында жарылыс болып, 12 адам қаза тапты
Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Карнул қаласының маңында орналасқан гранитті карьерде болған жарылыс салдарынан 12 жұмысшы қайтыс болды.
08:16 06.08.2018
Қайғылы оқиға күні кеше сағат 19:15 шамасында орын алған. Полицияның болжамынша, карьерге бекітілген динамитті шашкалар Одиша штатынан келген 20 жұмысшы дәл сол карьерде болған кезде жарылған. Сондай-ақ, оқиға орнында жанып жатқан дизельдік автоцистерна табылған. Полиция автомобиль жарылысқа себепші болу мүмкіндігін тексеріп жатыр.
Жарылыс орнына өрт сөндірушілер, полиция мен Апатты жағдай кезінде әрекет етуші ұлттық күш командасы келіп жетті. Полиция әзірше кебір қаза тапқандардың жеке тұлғасын анықтаған жоқ. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендер денесінің 70% күйік шалған. Жарақаттанғандар Карнул округіндегі мемлекеттік ауруханаларға жеткізілді.
Полиция басқармасының басшысы Рам Правеш Тхакур басылымға хабарлағандай, алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс орнында тағам дайындаған. Ал карьерде тез тұтатанын жарылғыш заттардың болуына байланысты мұндай әрекеттерге тыйым салынған.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!