Өскеменде бір ай бұрын жоғалған ер адамның денесі табылды
Өскемендегі Үлбі өзенінің жағасында бір ай бұрын жоғалып кеткен адамның өлі денесі табылды.
12:42 06.08.2018
Төтенше жағдай қызметкерлеріне хабарласқан Өскемен тұрғыны әлдекімнің Үлбі өзенінің бетінде қалқып бара жатқандығын айтқан. Белгілі мекенжайға дереу жеткен құтқарушылар өлі денені жағаға алып шыққан.
Кейін бұл адамның осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен Ринат Базарбаев екендігі анықталды. Оны туыстары да растап отыр.
– Куәгер адам дененің суда ағып бара жатқанын Боулинг маңынан көрген, ал құтқарушылар мәйітті ШҚМТУ жанынан алып шықты, – дейді Ринаттың жақындарының бірі – Ербол.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!