ВИДЕО: Алматыда жүк көлігі 7 көлікті қиратып кетті
Алматыда Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында жүк көлігі жол бойында тұрған көліктерді соғып тоқтаған.
14:28 06.08.2018
Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында фураның Назарбаев даңғылының бойында тұрған бірнеше көлікті қиратқаны түсірілген видео пайда болды.
Куәгерлердің айтуынша, фура жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен. Қиылысқа жете бергенде ол тұрақта тұрған жеңіл көлікті артқы тұсынан соғып тоқтайды.
Ал, жеңіл көлік өз кезегінде басқа да көліктерге барып соқтығысқан. Абырой болғанда көліктердің ішінде ешкім болмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!