{metadescription}
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жайылым өртеніп жатыр

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жайылым өртеніп жатыр

Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданындағы Алмалуу жайлауында 5 тамызда күйікшөп жана бастады.

Өрт Қазақстанмен шекарадағы "Лагерь" учаскесінде шыққан. Бұл туралы қырғыздың төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, жайлаудағы өрт 28 шілдеде шыққан. Тілсіз жау 4 тамызда сөндірілді. Бірақ 5 тамызда өрт қайта тұтанып, 2 мың га жерді алып үлгерді.

Өртті сөндіруге Талас облысындағы бірнеше ауданның қызметтері жұмылдырылды. Оларға милиция қызметкерлері, орман шаруашылықтары, техникалық лицей және 200-ге жуық жергілікті тұрғын көмектеседі. Өртпен барлығы 350 адам күресіп жатыр.

1 тамызда Манас ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде