Қостанайда көлік апатынан 6 адам зардап шекті
Қостанай облысында жол-көлік оқиғасынан 6 адам зардап шекті.
18:13 06.08.2018
Жапа шеккендердің бірі Қостанай облыстық ауруханасында жатыр
«Ер адамның бірнеше жері сынды. Хирургия бөлімінде емделіп жатыр», – дейді ауруханадағылар.
Ал тағы бір жапа шегуші әйел қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп отыр.
«Оның бөксесі сынған. Қазір операцияға дайындап жатырмыз», – дейді травмотология бөлімінің басшысы.
Сондай-ақ Қостанай облыстық балалар ауруханасына кішкентай бала жеткізілді. Оның да бөксесі сынған. Дәрігерлер операцияға дайындап жатыр.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!