АҚШ-та қазақстандық үш азаматша тұтқындалды
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен үш қыздың ұсталғанын растады.
13:00 07.08.2018
"Нью-Йоркте ұсталғандардың ішінде Қазақстанның үш азаматы — 1994, 1991 және 1970 жылы туған әйелдердің бар екенін растаймыз", — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Дипломаттардың хабарлауынша, екі қыз қамауға алынды, 48 жастағы үшінші әйел денсаулығына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
"Нью-Йорк штаты оңтүстік аймақ прокурорының мәлімдеуінше, олар 20-дан 30 жылға дейін сотталуы мүмкін", — дейді СІМ өкілдері.
Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығының өкілдері АҚШ-та ұсталған азаматшалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр.
РИА Новости мәліметінше, шілде айының соңында АҚШ-тың Әділет министрлігінің өкілдері Федералды қауіпсіздік бюросы өкілдерінің 25 адамның көлік сатуда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқанын хабарлады.Интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқты жасаған бір топ адамның ұсталғаны хабарланған еді. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар. Шығынның жалпы көлемі — 4,5 миллион доллар.
Оңтүстік округтің прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, Әзірбайжанның төрт азаматы және Қазақстанның үш азаматы, Латвияның екі тумасы, Украинаның екі азаматы болған. Сондай-ақ, айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар. Еске сала кетейік, осыған дейін үш қазақстандық пен тағы 22 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!