{metadescription}
Екібастұзда 3 жасар қыздың үстіне аквариум құлап мерт болды

Екібастұзда 3 жасар қыздың үстіне аквариум құлап мерт болды

Алматы облысынан Екібастұзға ата-анасымен барған үш жасар қыздың үстіне аквариум құлап кеткен.

5 тамызда 19.00-де Екібастұз қалалық ауруханасына 2015 жылғы қыздың денесі жеткізілгені хабарланып отыр.

Оның денесінде жарақат болған – ұйқы тамыры кесілгені анықталған. Алайда оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Павлодар облысында жыл басынан бері балалардың өмірін жалмаған 10 қайғылы оқиға болған.

Жетеуі суға батып кетсе, үшеуі жоғары қабатты үйдің терезесінен құлап мерт болған.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.