Қызылордада 3 сағат жұмыста болмаған мемқызметкер қызметінен қуылды
Қызылорда облысында жылдың басынан бері бес мемлекеттік қызметкер теріс себептер бойынша қызметінен босатылған.
16:17 07.08.2018
Тәртiптiк құқық бұзушылықпен екі қызметкер, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіргені үшін, тағы біреуі жұмыс орнында себепсіз үш сағат бойы жоқ болғандықтан босатылған.
Ал былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған екен.
Жылдың басынан бері мемлекеттік қызметтен өз еркімен 48 адам кетіп, оның ішінде шенеуніктердің басшылық құрамынан 14 адам кетті. Облыстағы мемлекеттік қызметкерлер саны 3 737 болса, ал қызметкерлердің нақты саны - 3 588.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!