{metadescription}
Шымкентте зейнеткер ауласында есірткі өсірген

Шымкентте зейнеткер ауласында есірткі өсірген

Шымкент қаласының егде жастағы тұрғынының үйінен есірткі затына ұқсас өсімдік өсіріп келген.

Қаратау ПБ жергілікті полиция қызметкерлері «Көкнәр 2018» жедел-сауықтыру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының егде жастағы тұрғынының үйінен есірткі затына ұқсас өсімдік бар екендігін анықтады, деп хабарлайды Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында ауласынан 38 түп жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі заты марихуанаға ұқсас өсімдік зат тәркілеп алды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: otyrar.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.