{metadescription}
Алматы облысында үш бүлдіршінді бірдей зорлау оқиғасы анықталды

Алматы облысында үш бүлдіршінді бірдей зорлау оқиғасы анықталды

Алматы облысында үш бүлдіршінді бірдей зорлау оқиғасы анықталды.

Зардап шегушінің бірі 6 жасар қыз. Полиция тек жәбірленушілердің талабынан соң сот-медициналық сараптама тағайындаған. Ал білім беру басқамасындағылар мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқан, деп хабарлайды 31 арна

Білім басқармасында басшыларының орнында жоқ екенін айтты.

«Біз ол жерге барып, татуласу жөнінде ұсынған жоқпыз. Баланың жағдайын білу үшін, не жағдай болып жатқанын білу үшін бардық», – дейді Қарасай аудандық білім бөлімі басшысы Әсет Нұрекенов.

Бұл оқиға құпиясы көп. Тек зардап шегуші мен күдіктілердің кәмілетке толмағаны белгілі. Мұндай жағдайда заң бойынша жәбірленуші мен қылмыскер жайлы ақпарат таратуға болмайды.

«Жәбірленушінің үйіне 10 адам келді. Оларды кіргізбегеніне қарамастан түнгі сағат 22:00-де қайта келді», – дейді адвокат Айман Омарова.

Олар аудандық білім бөлімі қызметкерлері. Қызметкерлер баланың ата-анасынан зорлық көрсеткендерді кешіруін сұраған.

ІІМ-де Қарасай ауданында тамыз айында кәмілетке толмағандарға зорлық көрсету ісіне қатысты  үш факт тіркелгенін айтты. Күдіктілердің бәрі кәмілетке толмағандар.

ФОТО: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде