{metadescription}
Ауыл тұрғынын WhatsApp арқылы балағаттаған әкім жазаланды

Ауыл тұрғынын WhatsApp арқылы балағаттаған әкім жазаланды

Ақтөбеде ауыл әкімі тұрғынды WhatsApp арқылы балағаттағаны үшін жазаланды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің қорытындысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбелік шенеуніктер ауыл тұрғындарымен, қызметкерлермен дөрекі сөйлесіп, Әдеп кеңесіне түсіп жатыр. Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әлжанов қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер айтып, қоғамның сынына іліккені үшін сөгіс алды. Жылдың алғашқы жартыжылдығында барлығы 26 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қарғалы ауданы, Велихов ауылдық округінің әкімі Айнагүл Халиуллина ауыл тұрғыны Ж.Мұхамбетоваға бейәдеп сөздер айтып, оның ар-намысына тиген. Ауыл әкімі қызметіне сәйкес емес деп ескерту алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде