{metadescription}
ВИДЕО: Мысық мен итті марихуанамен емдеудің мүмкіндігі талқылануда

ВИДЕО: Мысық мен итті марихуанамен емдеудің мүмкіндігі талқылануда

АҚШ-та мысықтар мен иттерді марихуанамен емдеудің мүмкіндігі талқылануда.

Егер адамдарға ауруын жеңілдету үшін марихуананы пайдалануға рұқсат берсе, оны үй жануарларына беруге бола ма? Бұл сауал көптеген адамдарды толғандырады екен. Сол себепті  Калифорнияда арнайы талқылау өткізілді. 

Кейбір зерттеуде аталмыш жеңіл есірткі аңдардың өмірін жеңілдететінін анықтаған. Олар буын ауруы, эпилепсия немесе жүйкенің бұзылуына септігін тигізеді деп отыр. Бірақ медициналық марихуананы 30-ға жуық штат заңды қолданғанымен, ешқай жерде ветеринарлар қолдана алмай отыр.

Қазірдің өзінде каннабидиол - каннабис өсімдік майының сығындысы қосылған май мен сүйектерді үй жануарларына сатып алуға болады. Ол бақылауға алынған заттардың тізіміне кірмейді, тыныштандырып, босаңсытады екен.

Кейбір фирмалар тетрагидроканнабинолдың аз мөлшері қосылған тұнбаны ұсына бастады. Бұл емдік әсер беретн қарасораның нақ өзі. Оны тек арнайы жерлерде ғана сатады. 

Колорад университеті мамандары жүргізген сауалнаманың қорытындысы мынаны көрсетіпті: ит асырайтын мың адамның 80% иттеріне марихуана қосылған тағамды сатып алғысы келеді. Каннабидиолға жасалған клиникалық тәжірибе де нәтижесін беруде. Корнэл университеті аталмыш препаратты қабылдаса, буыны ауру иттердің белсенділігі артатынын айтуда. Ал Колорад университетінің мамандары аталмыш дәрі эпитептик иттердің 90 пайызының талдырмасын азайтады дейді. 

Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірге каннабидиолды медициналық мақсатта пайдаланбауға кеңес береді. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде