Брэд Питтің адвокаттары Анджелина Джолиді өтірікші деп атады
Голливуд актері Брэд Питтің адвокаттары Анджелина Джолидің материалдық қолдау көрсетпеді деген шағымы үшін оны көз байлаушы және өтірікші деп атады.
02:00 10.08.2018
TMZ порталының хабарлауынша, соңғы екі жылда Питт бұрынғы ғашығына тоғыз миллион доллардан астам қаржы бөлген. Және де актер Анджелинаға қазіргі тұрып жатқан үйіне сегіз миллион доллар қарыз беріпті. Бұған қоса, ол балаларды асырауға 1,3 миллионнан астам ақша аударған.
Порталдың дереккөздері бұл сомалар бастапқыда көзделгеннен әлдеқайда көп екенін атап көрсетеді.
Еске салсақ, осыдан бұрын Анджелина Джолидің адвокаты Питт балаларды қамтамасыз ету жөніндегі оған ақша айтарлықтай сомасын бөлмегенін айтып шағым жасаған болатын.
Сондай-ақ, актрисаның адвокаты жыл соңына дейін жұпты тезірек ажырастыруын сұраған.
Фото: © РИА Новости/Екатерина Чеснокова
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!