Таразда 6 жасар қыз терезеден құлап кетті
Таразда 6 жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті.
08:25 10.08.2018
«Ата-анасының қарауынсыз қалған алты жасар бала бесінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол ауруханаға жатқызылды», - делінген ТЖД хабарламасында.
Оқыс оқиға Самал шағын аудандағы үйлердің бірінде болған. Ес-түссіз күйде ауыруханаға жеткізілген қыздың өмірі үшін дәрігерлер бар күштерін салып күрескен.
Өкінішке орай, олар баланы аман алып қала алмаған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бүлдіршіннің жарақаты қатты ауыр болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!