{metadescription}
Жезқазғанда жантүршігерлік жол апатынан анасы мен қызы қаза тапты

Жезқазғанда жантүршігерлік жол апатынан анасы мен қызы қаза тапты

Жезқазған-Сәтбаев бағытындағы тас жолда бірден 3 жеңіл көлік соқтығысты.

Жол апаты салдарын екі адам көз жұмып, алты адам әртүрлі дене жарақатымен ауруxанаға жеткізілді.

Екі адамның өмірін жалмап, тағы бірнеше адам зардап шеккен жол апаты кеше күндізгі 15.00 шамасында Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын байланыстыратын тас жолда орын алған.

Оқиға орнына бірнеше жедел медициналық қызмет көрсету көліктері келді. Алдын ала мәліметтер бойынша «KIA» маркалы жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota» маркалы жол талғамайтын автокөлікке, одан кейін «ВАЗ» машинасына соғылған.

«Сәтбаев қаласынан төрт шақырым қашықтықта үш автокөліктің қатысумен жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына Сәтбаев қаласынан 2 жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Жол көлік оқиғасынан 2 адам қайтыс болып, 6 адам зардап шекті. Дене жарақатын алғандар – Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары. Олар осы екі қаланың ауруxаналарына жеткізілді», - дейді Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі Қуат Хайдаров.

Апаттан 35 жастағы әйел мен 9 жастағы қызы қаза тапты. Қаза болған әйелдің 3 жастағы баласы ауыр xалде ауруxанаға жеткізілген.

«Қайтыс болған 1983 жылы туылған әйел мен оның 2009 жылы туылған қызы – Сәтбаев қаласының тұрғындары. Қаза болған әйелдің 2015 жылы туылған баласының бас-сүйегіне зақым келген және жамбас сүйегі сынған. Баланың жағдайы ауыр. Қалған зардап шеккендердің жағдайы аздап жеңілдеу», - деді Хайдаров.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде