Жас футболшы анасының өлімінен кейін өзіне қол жұмсады
Спортшының денесі өз үйінен табылды.
10:51 10.08.2018
Уэльстің Пембрук қаласында 24 жастағы футболшы Брендон Холдер анасының өлімінен кейін өзіне қол салды.
"Кармартен Старз" клубының ойыншысы өлерінің алдында фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырған. Хатта Брендон туысқандары мен достарынан кешірім сұрап, анасымен тезірек кездескісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, анасымен бала кезінде бірге түскен суретін де жариялапты.
"Біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мені өзімшіл адам деп ойламаңыздар, өтінемін. Мен ең жақсы дос, ең жақсы ұл бола алмадым. Өте өкінішті, жақында бәріміз кездесеміз… Сенімен кездесуді тағатсыздана күтемін, анашым. Қош болыңдар, достар", — деп жазды футболшы.
Брендонның ағасы Джейми оның өте адал әрі қамқор іні болғанын айттты. Спортшының таныстары Брендонның көз жұмғанына әлі де сене алар емес.
Суыт хабардан кейін "Кармартен Старз" клубы алдағы екі матчын кейінге қалдырды.
"Брендонның өлімі баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Біз сондай керемет жігіт және талантты ойыншыдан айырылып қалдық", — деп жазды команда футболшылары әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!