{metadescription}
Тауларға үш бидің есімі берілетін болды

Тауларға үш бидің есімі берілетін болды

Тауларға Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің есімі беріледі.

Бүгін Түркістан облысында «Бұл - біздің таулар!» фестивалі басталды.

Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. 

Бұл іс-шараның мақсаты - ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру.

Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы қайраткерлері - Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.

Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар. 

Дерккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.