Аягөзде көшеден мина табылды
Аягөз қаласының тұрғындары Омаров Байқоңыр мен Жанат Кемелханов деген азаматтар үйінің маңынан мина тауып алды.
12:40 11.08.2018
Мерей көшесі 26 үйдің тұрғыны Жанат Нұрахметұлы маңайды жинастырып кәріз жолын тарту үшін көршісі Омаров Байқоңыр ағамыздың қоршауының сыртындағы күл-қоқыстарды аударыстырып жүріп минаға ұқсас затты көреді.
Сол уақытта Байқоңыр ағамыз да оқиға орнына келіп қалады. Шамамен 19:00-де 102-ге хабар түсіреді.
Өте қысқа уақытта оқиға орнына полиция, әскери полиция, басқа да тиісті құрылымдар, минаны жоюшы топ келіп, заң талаптарына сәйкес жұмыстарын бастап кетеді.
Көршілер мен аталмыш үй тұрғындары қауіпсіз жерлерге шығарылып саперлар минаны залалсыздандырып оқиға орнынан алып кетеді. Нәтижесінде ешкім ешқандай зиян шеккен жоқ.
Тот басып шіри бастаған минанының қауіпті, қауіпсіздік мәселесін мамандар тексеріп шешім шығара жатар бастысы оқыс оқиға ешқандай зардапсыз аяқталғанында болып отыр.
Дереккөз: altaynews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!