Өскеменде балалар кафесі отқа оранды
Өскемен қаласында балалар кафесі өртеніп, 40-тан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.
17:00 11.08.2018
Тілсіз жау 10 тамыз күні кешкі сағат жетілер шамасында қаланың орталығында орналасқан «Tulipark» балалар кафесін жаулады.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер 41 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың арасында 8 бала кәмелет жасына толмаған.
Өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Оның аумағы 200 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіру кезінде 16 өрт сөндіргіш жұмылдырылған. Өрт толықтай сөндірілді. Тергеушілер өрттің себептерін анықтауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!