ВИДЕО: Манчестердегі атыста 10 адам ауруханаға түсті
Манчестердегі атыста 10 адам ауруханаға түсті.
09:20 13.08.2018
Он адамның ішінде екі бала бар. Олар демалыс күні түнде Манчестердегі атыста жаралданып госпитальға түсті. Белгілі болғаны, көпшілігі жеңіл жарақат алған, ал біреуі аяғынан ауыр жараланған.
Полиция хабарлағандай, АҚШ-тың Манчестер қаласындағы Мосс-Сайд ауданында болған атыс туралы сағат 2:30-да хабар түскен. Сенбі күні түнде бұл жерде жыл сайынғы Кариб карнавалы өткізілген болатын. Атыс болғанына қарамастан, карнавал жалғаса берді.
Кім және не үшін атқаны әзірге белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, атылған оқтар - бытыра. Полиция Мосс-Сайд аумағында көше бандыларының көп екенін жасырмай отыр. Бұл жерде бұзақылық көп тіркеледі. Атыс та, есірткі оқиғалары да жиі болады.
Карнавалды ұйымдастырушылар атыстың аталмыш шараға еш қатысы жоқ екенін айтуда. Мерекелік шара демалыс күні де жалғаса берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!