{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Өткен аптаның назар аудартқан ерекше бейнежазбалары

Рейтер агенттігі өткен аптаның назар аудартқан ерекше бейнежазбаларын ұсынады.

Италияның Болонье қаласы әуежайының маңындағы тас жолда алапат өрт болып, кем дегенде 60 адам жарақат алды.  Автоцистерна алдында жүріп бара жатқан жүк көлігіне соғылып, тас жолда кетіп бара жатқан жанармай таситын көлік жарылды.

Үндістанның оңтүстігінде болған мусон нөсері Керала станциясын шайып кетті. Табиғат апатынан 34 адам қаза тапты. Таудан аққан тасқынның салдарынан мыңдаған тұрғындар үйін тастап қашуға мәжбүр болды. 

Магнитудасы 6,9 зілзала индонезиялық Ломбок және Бали аралын дүр сілкіндірді. Іле-шала 120 рет афтершок болды. Төрт күннен соң бұл жерде тағы да магнитудасы  6,2 жер сілкінісі болды. Ресми ақпарат 320 адамның мерт болғанын хабарлайды. Жүздеген мың тұрғын баспанасыз қалды. 

Аргентина Сенаты өткен аптаның сәрсенбісінде елде жасанды түсік жасатуға заңмен тыйым салды. Бұл шешім жария болған соң,  Буэнос-Айрестегі үкімет үйінің ғимараты алдында белсенділер шеруге шықты. Наразылық шарасында тәіртіпсіздікке жол бергендерді полиция қамауға алды. 

93 жастағы тайвандық кейуана Ву Рю-линь туған күнін парапланда атап өтті. "Мүлдем қорықпаймын, өйткені бұл менің екінші рет аспанға көтерілуім, жасым 100-ге толғанда тағы да парапланға отырып, көгілдір аспанда самғағым келеді" - деді ол. Парапланда ұшуды ұйымдастырған компания кейуананы үшінші рет тегін ұшырамыз деп деп уәде берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде