ВИДЕО: Грекияда төтенше жағдай жарияланды
Грекияның Эвбея аралындағы орасан зор орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
10:40 13.08.2018
Дирфион-Мессапион муниципалитетіндегі губернатор Костас Бакояннис Фейсбук парақшасында жергілікті өзін-өзі басқару органдары осындай шешім қабылдағанын, барлық тұрғындар полиция мен өрт сөндірушілердің нұсқауларын орындауға шақырды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Дағдарыстарды басқару жөніндегі кеңес құрылып, ішкі істер министрі Панос Скурлетис жиын өткізді. Өрттің ошағын ауыздықтау қиынға түсіп тұр. Кондодеспоти қаласы мен Ставрос елді мекені эвакуацияланды. Аралдағы өртті сөндіруге 186 адам, 62 техника жұмылдырылды. Эвбеядағы өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, дегенмен өңірде екі үй жанып кетті, - дейді билік өкілдері.
Қырсыққанда жел соғып, ол да өрттің жайылуына кедергі келтіруде. Жайқалып тұрған орман қазір өрт құшағында.
Видео авторы: NTDRussian
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!