Сауль Альварестің промоутері Головкинді қатаң сынады
Golden Boy Promotions компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя Сауль Альваресті өзі бокстасқан қарсыластарының ішіндегі ең пасық және жеккөрінішті деп айтқан Головкиннің пікіріне жауап қайтарды.
12:09 13.08.2018
Бұл туралы Sports.kz жазады.
Сондай-ақ GGG "Канелоның" допингі туралы болжамына сенбейтінін айтқан.
"Әрине, GGG жеке пікірін айтуға қақысы бар, бірақ "Канело" оның есесін қайтарады. Енді екеуі нағыз жау болды. Екеуі де шығады және бірін-бірі бірден нокаутқа жіберуге тырысады деп сенем. Бұл бірінші жекпе-жектің жалғасы болады деп ойлаймын. Ал өзгеріске қатысты айтатын болсақ, онда головкин оны істемейді. Ол бір стильде жұмыс жасайды, мәні — алға жылжу, ал Канело» Флойда Мэйвезер, Шугар Рэя Леонард және тағы басқа мықты боксшылар сынды әмбебап боксшы. Саульдың жаттығуларына қарап, оның біреуді сұлататыны көрініп тұр. Егер Головкин жақсы жұдырықтаса алмаса - бұл оның ғана проблемасы. «Канело» жеңу үшін шығады, және Головкиннің мынадай былшылынан соң ол нокаутқа кетеді деп айта аламын, — деді ол Villainfy Media берген сұқбатында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!