Ұзақ уақыт бойы көңілдесінің кішкентай балаларын ұрып-соғып, арақ беріп келген
Бурятияда ер адам бірге тұратын әйелдің кәмелетке толмаған балаларын ұрып-соғып, арақ ішкізіп келген. Бұл туралы Муй аудандық прокуратурасы хабарлады. Кәмелетке толмаған балалардың анасы бірге тұрып жатқан көңілдесінің бұл қылығын көре тұра, жақ ашпаған, балаларын қорғамаған. Керісінше, олардың ешкімге айтпай, құпия ұстағанын талап еткен. Ер адам бұрын сотталғаны анықталды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір балалар отбасынан аластатылып, ал оның шешесі аналық құқығынан айырылды.
12:50 13.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!