{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс ондаған адамның өмірін қиды

Сирияның Идлиб провинциясы Сармада қаласында көп пәтерлі үйде орналасқан оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, ондаған адамның өмірі қиылды.

Лондондағы Сириядағы адам құқықтары мониторингі орталығының деректері бойынша, кемінде 39 адам құрбан болды, олардың 12-і балалар. Ұйымның айтуы бойынша, осы үйдегі үй-жай заңсыз қару-жарақ сатушылардың қолданысында болған, яғни оқ-дәрі сақталған.

Бірнеше қабатты ғимарат күл-талқаны шығып құлады.  «Ақ дулыға» құтқару ұйымының волонтерлері адамдарды үйіндіден  тартып шығарып жатыр. Жарылыс кезінде үйде көптеген тұрғындар болған. 

Идлиб провинциясы президент Башар Асадтың режиміне қарсы қарулы қарсыластың соңғы тірегі. Елдегі азаматтық соғыс жеті жылға созылуда. 

 

 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде