Сарапшылар Головкинге «Канелоны» жылдам жеңудің құпиясын айтты
Бокс тақырыбына жазатын порталдың тілшісі Аллан Фокс боксшы жерлесіміз Головкинге қарсы жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль Альваресті гепардқа теңеді.
14:20 13.08.2018
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Сауль Генамен ұзақ шабуылдап жұдырықтаса алмайды. Әдетте бұндай жекпе-жекте төзімді де мықты Головкин жеңетіні рас. Головкин Альварестен 9 жас үлкен, алайда Канелоның кардиожүйесі нашар. Ол ұзақ айқасқа шыдамайды. Сауль гепард сияқты - қысқа шабуыл шебері. Ал мсық тұқымдасына жататын аң аз сәтте жүйрік жүгіріп, сосын әлі таусылады. Содан кейін демалуы қажет. Егер Гена "гепардтың" демалуына мұрша бермесе, шайқас тез бітеді», - деп жазады Фокс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!