Бегемот азиялық саяхатшыны талап өлтірді
Кенияда бегемот азиялық саяхатшыны талап өлтірді. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды. 66 жастағы саяхатшы досымен бірге Найробиден 90 шақырым жердегі табиғи қорыққа барып, Найваша көлін тамашаламақ болған. Куәгерлердің айтуынша, екі саяхатшы бегемоттың қасына тым жақын барып фотоға түсірмек болған. Оларға тап берген бегемот біреуінің кеудесін талап, ілезде өлтіріп, ал екіншісіне ауыр жарақат салған. Жалпы, Африка елінде бегемоттар жылына шамамен 500-дей адамды өлтіреді.
15:06 13.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары