{metadescription}
Венгрия парламентінің спикері қазақ киіз үйінен дәм татты

Венгрия парламентінің спикері қазақ киіз үйінен дәм татты

Венгрия парламентінің спикері Ласло Кевер қазақ киіз үйінен дәм татты.

Венгрияның Бугац қаласында  өтіп жатқан «Тұран» халықтарының құрылтайында түркі тілдес елдер өздерінің ұлттық киіз үйлерін тікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан тіккен 12 қанатты киіз үйдің сыртқы және ішкі салтанаты да келісті. Сондықтан да құрылтай қонақтарының назарын бірден өзіне аударды. Қазақтардың ұлттық баспанасына бас сұққан әрбір келушіге шағын сыйлық, киіз үй түріндегі қорапқа салынған тәттілер берілді. Қонақтарға арналған дәмді құрамында 60-қа жуық адам бар қазақстандық делегация арнайы дайындаған. Құрылтайдың екі күнінің ішінде мыңнан астам сарқыт таратылды. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың арнайы шақыруымен Венгрия Ұлттық жиналысының спикері Ласло Кевер қазақ үйге қонаққа келді. Қазақтың қонақжайлық дәстүріне сәйкес мәртебелі мейманға қымыз бен бауырсақ ұсынылды. Мұнан бөлек, қазақ киіз үйінде құрылтайға келген өзге де ресми тұлғалар болды.

11 тамыз күні Венгрияның Бугац қаласында «Тұран» халықтарының 10-шы халықаралық құрылтайы басталды. Шараға 30-дан астам ел мен халықтың делегациялары қатысуда. Құрылтай «Тұран» ежелгі жауынгерлері шеруінің жаңартылған салтанатымен ашылды. Халықаралық шараға қатысушылар  алдында Венгрия парламентінің сипкері Ласло Кевер сөз сөйледі. Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз құттықтауында осынау қызықты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға ұйытқы болғандарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев құрылтайға Қазақстан Президентінің тапсырмасымен келгенін айтты. Қазақстан мен Венгрия арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланыстардың жылдан жылға тереңдеп, нығая түсіп келе жатқандығын атап өтті. Мұнан бөлек, қатысушыларды келесі жылы Қазақстанда құрылтай өткізуге шақырды. Сөз соңында «Мадияр Тұран» қорына Ақтөбе облысының атынан қазақтың киіз үйін тарту етті.

ФОТО: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде